Шығыс Қазақстанда конституциялық заңды бұзған басшылар жазаланды

Шығыс Қазақстанда конституциялық заңды бұзған басшылар жазаланды
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Самар ауданы әкімдігінің ТКШ, қаржы және жұмыспен қамту бөлімдерінің басшылары "Прокуратура туралы" конституциялық заңды бұзғаны үшін жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Аудандық прокуратура жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерді уақтылы әзірлеуіне талдау жүргізу барысында азаматтардың заңды құқығы, бостандығы мен мүддесін іске асыру қажет бірқатар НҚА жоқ екенін анықтады. Осы факті бойынша прокуратура қадағалау актісін енгізді.

Бірақ 3 бөлімнің жауапты басшысы ұсынымда көрсетілген заң бұзушылықтарды жою үшін шаралар қабылдамады. Осының негізінде Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 664-бабы бойынша 3 басшыға 8 АЕК мөлшерінде (29 536 теңге, 1 АЕК – 3 692 теңге) айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аяз Есен

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz