- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шығыс Қазақстанда қараусыз...
Шығыс Қазақстанда қараусыз қалған егіз нәрестенің өлімі тергеліп жатыр
Фото:
http://dixinews.kz/
Шығыс Қазақстан облысында полиция жаңа туылған егіз нәрестенің өлімін тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оларды ата-анасы қараусыз қалдырған.
Болжам бойынша, сол күні сағат 22.00 шамасында ата-анасы серуеннен кейін балаларды бір адамдық арбада үйдің ауызғы жағында қалдырып кеткен. Түнгі сағат 02.00-де анасы балаларды өлі күйінде тауып алады. Анасы фельдшерге хабар берген, ол полицияға хабарласқан.
Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Олар суықтан өлген болуы мүмкін. Әзірше "Абайсызда қаза келтіру" бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция отбасының орташа деңгейде тұратынын, отбасы мүшелерінің ешқайсысы полицияда тізімде тұрмағанын айтты.