- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шығыс Қазақстанда ер...
Шығыс Қазақстанда ер адам құны 50 миллион болатын балықты заңсыз тасымалдаған
Шығыс Қазақстан облысы тұрғыны құны 50 миллион теңге болатын 7 тоннадан аса балықты заңсыз тасымалдаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері Омбы-Майқапшағай тасжолын патрульдеу барысында облыс орталығының 31 жастағы тұрғыны тізгіндеген КамАЗ-ды тоқтатқан.
Көлікті тексеру кезінде ер адамның балық толтырылған 280-ден аса полиэтилен пакеттерін тиісті құжаттарсыз тасымалдағаны белгілі болды. Жүргізушінің айтуынша, ол жүкті Өскеменге облыстағы ауылдардың бірінен тасымалдаған.
Күдікті салмағы 7 тоннадан асатын көксерке балығын қаптарға салып тасымалдағаны анықталды. Келтірілген шығын 50 миллион теңгеден асады. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова