Шығыс Қазақстанда ер адам бұрынғы әйелінің үйін өртеп жібермек болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Ерлі-зайыпты ұзақ уақыт бұрын ажырасқан әрі бірге тұрмаған. Облыстың 43 жастағы тұрғыны бұрынғы жұбайына әлі күнге дейін бей-жай қарамайтынын дәлелдеуге тырысып, басқа қаладан Өскемен қаласына келген. Алайда ол қылмыстық жолды таңдаған. Үйде ешкім жоғына көз жеткізгеннен кейін жанармайды алып, үйді қасақана өртеп жібермек болған. Ер адам ұсталды.
"Сотталған адамды есепке қойылды және пробациялық бақылауда болады. Ол жұмысқа орналастырылды және Өскемен қаласының сол жағалау ауданының пробация қызметінің инспекторлары тұрғылықты жері бойынша тексеріс жүргізеді. Ол пробациялық бақылауда 3 жыл 6 ай болады", - деді сол жағалау ауданының пробация қызметінің бастығы Бауыржан Төлеуханов.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!