22 шілдеде құтқару бөлімшелерінің көмегімен Қатонқарағай ауданының дәрігерлері ШҚО әкімдігінің әуе бөлімшесінің МИ-2 тікұшағымен Белуха тауындағы Сәрсембай учаскесіндегі оқиға орнына жедел ұшып барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1996 жылы туған қыз тауға шығып келе жатқан кезде аттан құлап, жарақат алып, ес-түссіз болған.
Қажетті алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны тікұшақпен Қатонқарағай ауданаралық ауруханасына жеткізді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!