- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шығыс Қазақстанда бүтін...
Шығыс Қазақстанда бүтін бір отбасы боранда жолға шығып, адасып кеткен
Шығыс Қазақстанда бүтін бір отбасы боранда жолға шығып, адасып кеткен. Зайсан ауданынан жеңіл көлікпен жолға шыққан жанұя Марқакөл ауданында тұратын туыстарына барған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақпаратты жергілікті әкімдік өкілдері де растады. Мәліметке сүйенсек, бірнеше күннен бері маңайда ақ түтек боран соғып тұр. Жолаушылар Қалжыр округіне қарасты Шыбаршілік фермасында мал шаруашылығымен айналысатын туысына барып, қайтар жолда бағытынан жаңылған. Зайсан тұрғынының қасында әйелі және үш баласы (кішкентайы 1 жаста) болған.
"Қолайсыз ауа райы тығырыққа тірегенімен қатар, жақын маңда елдімекен де жоқ. Абырой болғанда, байланыс ұстап, айдалада қалған отбасы Боран ауылында тұратын туыстарына хабарласты. Мәслихат депутаты Алмат Хасеновтің ұйымдастыруымен Марқакөл орман шаруашылығы Боран бөлімшесі техникасының күшімен көлік шығарылып, жолаушылар құтқарылды", - деді Мырзабай Марқабаев.
Облыстық Төтенше жағдай департаменті өкілдерінің мәліметінше, аймақ көлемінде қолайсыз ауа райы әлі де сақталады.
Асыл Бигелді
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz