Шығыс Қазақстанда бұрын сотталған адам мектепте сабақ берген

Шығыс Қазақстанда бұрын сотталған адам мектепте сабақ берген
Фото: ©️ Tengrinews.kz

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының прокуратурасы білім беру ұйымдарында еңбек кодексі бұзылған деректерді анықтады. Яғни қылмыстық тарихы бар адамдар мектепте жұмыс істеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Аудандық мектепте бұрын қасақана қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған мұғалім мен 2 күзетші жұмыс істеді", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, психиатриялық ауытқуына байланысты "Д" есебінде тұрған 1 адам (көмекші - еск.) жұмыс істеген.

Прокуратура шаралары бойынша бұл адамдармен еңбек шарттары бұзылып, кінәлі лауазымды адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Еске салайық, бұған дейін Қызылорда облысында да бұрын сотталған адамдар мектепте сабақ бергені хабарланды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова