- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шығыс Қазақстанда 600...
Шығыс Қазақстанда 600 миллионнан аса ақшаны заңсыз иемденгендерге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр
Шығыс Қазақстан облысы Қаржылық мониторинг департаменті ЖШС басшылығы үлескерлерден заңсыз ақша жинады деген күдікпен қылмыстық істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыстық істі тергеу барысында ЖШС-нің лауазымды қызметкерлері 2021-2023 жылдар аралығында үлескерлерден ақша алуға рұқсаты болмаса да, пәтерлерді ерте брондау арқылы азаматтарды үлестік құрылысқа тартқаны анықталған. Осылайша, олар халықтың сенімін асыра пайдаланып, алдау арқылы 606,5 миллион теңге сомасында ақша қаражатын иемденген.
"Қазір тараптардың пәтерлерді алдын ала брондау шарттары тоқтатылды, құрылыс жұмыстары жүзеге асырылмайды", - делінген ведомство хабарламасында.
Сот шешімімен ЖШС-нің құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға лицензиясы тоқтатылды. ЖШС жетекшісіне сот санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова