Шығыс Қазақстанда тасжолда көлік жарылып, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ресми мәлімет бойынша оқиға Өскемен-Самара тасжолының 75-шақырымында болған.
Самара ауданында Volvo жүк көлігінде тау-кен жұмыстарына тасымалданған зат жарылып, салдарынан көліктің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты.
"Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеуді Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің басшылығы бақылауға алды", - делінген Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!