Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолда жүк көлігі жарылды: екі адам қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолда жүк көлігі жарылды: екі адам қаза тапты
Фото: Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті

Шығыс Қазақстанда тасжолда көлік жарылып, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ресми мәлімет бойынша оқиға Өскемен-Самара тасжолының 75-шақырымында болған.

Самара ауданында Volvo жүк көлігінде тау-кен жұмыстарына тасымалданған зат жарылып, салдарынан көліктің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты.

"Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеуді Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің басшылығы бақылауға алды", - делінген Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан