Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Предгорный ауылындағы май зауыты өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Объектінің қызметкерлері нысаннан дер кезінде шығып кеткен.
"Глубокое ауданында Предгорное ауылында май зауытының аумағында қабық пен шротты түйіршіктеу цехының қабықты шығару сұйықтық өтетін құрал (нория) өртеніп, түтін 4 және 6-қабаттарға тарады. Күнбағыстың қабығы өртенді", - делінген хабарламада.
50 шаршы метр аумаққа тараған өрт сөндірілді.
Өртсөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында объектінің негізгі жабдықтары өрттен аман қалды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лес