"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы Шығыс Қазақстан облысында бірнеше жолда көлік қозғалысы қалпына келгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2024 жылғы 11 қарашада сағат 19:30-да келесі автожолдарда тек жолаушы көліктерге қозғалыс ашық:
- Алматы-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы автожолының 1123-1191 шақырымы аралығы (Предгорное ауылынан Шемонаиха қаласына дейін);
- Алматы-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы автожолының 1194-1212 шақырымы аралығы (Шемонаиха қаласынан РФ шекарасына дейін);
- Өскемен-Риддер-РФ шекарасы автожолының 15-105 шақырымы аралығы (Белоусовка ауылынан Риддер қаласына дейін).
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!