- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шығыс Қазақстан облысында...
Шығыс Қазақстан облысында шөп қоймасы өртенді
Шығыс Қазақстан облысында шөп қоймасы өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 30 қыркүйекте Ұлан ауданы Сағыр ауылынан 17 шақырым жерде шаруа қожалығының аумағында орын алған. Салдарынан 100 орам көлемінде жиналған шөп өртенген. Облыстағы ТЖД Өрт сөндіру қызметі 180 тонна шөпті құтқарды. Зардап шеккендер жоқ.
Сонымен қатар, құтқарушылар шөпті сақтау ережелерін атап өтті.
"Ірі жемшөп орамдары электр желілеріне дейін кемінде 15 метр, жолға дейін 20 метр және ғимараттар мен құрылыстарға дейін 50 метр қашықтықта орналасуы керек. Үйінділерді, қазбаларды, ірі жемшөп орамдарын, басқа да жанғыш заттар мен материалдарды сарайлар мен басқа да шаруашылық құрылыстардың шатырларында, электр беру желілерінің астында, учаскенің сыртқы қоршауынан 3 метрден кем қашықтықта жинауға болмайды. Өрт болған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласыңыз", - делінген хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы