Шығыс Қазақстан облысында моншаның жылу қазандығы жарылып, бір адам қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысында моншаның жылу қазандығы жарылып, бір адам қаза тапты
Фото: видеодан алынған кадр

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында моншаның жылу қазандығы жарылып, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Тағы 2 адам ауруханаға жеткізілді.

Бұл туралы жергілікті Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Оқыс оқиға кезінде моншада адам болмаған. Қазір мамандар жартылай қираған ғимаратты бөлшектеп, тазалап жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан