Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты жол жабылды., - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Өңірдегі тасжолдардың бірін қар көшкіні жауып қалу қаупі бар.
"Республикалық маңызы бар "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары" тасжолының учаскесінде (Ушанов кенті мен Алтай қаласына дейінгі аралықта) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды. Сондықтан халықты алыс жолға шыққанда маршрутты алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз", - деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментігің баспасөз қызметі өкілдері.
Сондай-ақ жолдардың жай-күйін "Дәрмен" мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға болады.
Айта кетейік, бұл жол учаскесі 1 күн бұрын да жабылған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз