- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шығыс Қазақстан облысында...
Шығыс Қазақстан облысында қар еріп, салдарынан тас жолды су шайды
2024 жылғы 20 наурызда сағат 16:30-да Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында қар еріп, салдарынан Қарабұлақ ауылы бағытында жергілікті маңызы бар тас жолды су шайды (ені - 20 метр, тереңдігі - 10 сантиметр), - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көліктер елді мекенге қосымша жол арқылы кіріп жатыр. Сағат 20:30 шамасында тасқын тоқтатылып, су деңгейі төмендеді.
Оқиға орнына аудандық ішкі істер бөлімі мен жергілікті атқарушы органның 8 қызметкері және 7 бірлік техника жұмылдырылды.
"Қазіргі уақытта ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Жергілікті атқарушы органдардың мамандары жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр. Атап өтейік, су тасқыны орын алған жолдың учаскесі республикалық жолдар санатына жатпайды", - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан