Бұқтырма су қоймасы арқылы салынып жатқан автомобиль көпірінен ер адам құлап қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"ОблШығысЖол" ЖШС еңбекті қорғау инженері Бекжан Түменбаевтың айтуынша, 1968 жылы туған марқұм қосалқы мердігерде ағаш шебері-бетоншы болып жұмыс істеген.
Қайғылы оқиға бір күн бұрын сағат 19:35-те үш қызметкер жұмыстан вахталық лагерьге қайтып келе жатқанда болған.
"Олардың бірі суға құлап, жағаға шыға алмай қалды. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері барды.
Мәйіт табылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!