Шығыс Қазақстан облысында әйел жертөлеге құлап кетті

Шығыс Қазақстан облысында әйел жертөлеге құлап кетті

Шемонаиха ауданында жертөледен әйел құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Первомайский кентінің зейнеткері жертөлеге түсіп бара жатып сүрініп, биіктен құлаған.

Зардап шегушінің көмекке шақырған дауысын көршілері естіп, құтқарушыларды көмекке шақырған.

Олар полицеймен бірге 1957 жылы туған тұрғынды арқанның көмегімен абайлап көтеріп, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан