Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының тұрғыны заңсыз аң аулады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу барысында Күршім ауданының полицейлері 46 жастағы тұрғынын ұстаған. Ол тиісті құжаттары жоқ Иж-5 тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтықпен қабанды атып өлтірген.
Оқиға орнынан құқық қорғау органдары заттай дәлелдемелер: мылтық, гильзалар және қабанның ұшасын тәркілеген. Шығын миллион теңгеден асады.
Күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 1-бөлігі ("Заңсыз аңшылық") бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Аталған баптың ең жоғарғы санкциясы бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!