Шығыс Қазақстан облысында ауа райына байланысты қауіпті кезең басталды. Себебі ШҚО республикадағы қар көшкіні қаупі бар өңірлердің бірі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазселденқорғау" филиалы қызмет көрсететін аумақта қар көшкінінің әсер ету аймағына түсетін 325 қар көшкінін жинағыш, 93 шақырым автожолдар, сондай-ақ мейрам және демалыс күндері демалушылар саны 3 мыңнан асатын туристік және шаңғы базалары бар.
"Қазселденқорғау" ММ филиалы 20 қар өлшегіш-қар көшкіні бағытын әзірледі, онда 160 қар өлшегіш төрткілештер орнатылды, оларда филиал мамандары қызмет көрсетеді. Қар көшкінінің жалпы жай-күйін анықтау мақсатында қар көшкінінің түсу қаупі, қар массасының жиналуы және қардың құрылымын анықтау үшін апта сайын қар көшкіні қаупі бар учаскелерді жер үсті зерттеу жүргізіледі. Демалыс аймақтарында, шаңғы базаларында және автожолдардың бойында қар көшкіні қаупі бар кезеңі бойынша ескерту қалқандары мен плакаттар уақтылы орнатылды", - деп "Қазселденқорғау" филиалының басшысы Советбек Станбеков атап өтті.
Қазіргі уақытта аймақтағы қардың биіктігі 5-тен 60 см-ге дейін, қардың ең көп мөлшері Самар ауданында, Риддер қаласында және Глубокое ауданында, Таулы Үлбі кентінде тіркелген.
Өткен жылы барлық қысқы кезеңде қар көшкінінің жалпы көлемі 230 мың текше метр болатын 101 рет профилактикалық түрде қар түсірілді.
"Тауға шықпас бұрын ауа-райының жағдайы туралы біліп алу қажет. "112" қызметінің дауылды ескертулері кезінде қар көшкініне қауіп төндірмеу керек", - деп ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Арман Наурызбаев ескертті.
Мамандардың деректері бойынша қар көшкіні негізінен қар көп жиналатын таулы аудандарда болады. Қар көшкінінің түсуіне ұзақ қардың жаууы, қардың қарқынды еруі, ауаның ауытқуы, шаңғышылардың қар беткейін тілмелеп тастауы, қатты айқайлау және беткейлерден сырғанау себеп болуы мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!