Шығып қалғандардың орнына: Мәслихат депутаттарын сайлау қашан өтеді?

Шығып қалғандардың орнына: Мәслихат депутаттарын сайлау қашан өтеді?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Желтоқсанда республика бойынша мәслихат депутаттарын сайлау өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚР Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттан шығып қалған депутаттардың орнына басқа депутаттарды бір мезгілде сайлау өткізу күнін бекітті. Сайлау 2024 жылғы желтоқсанның екінші жексенбісі - 8 желтоқсанға жоспарланған.

Еске салайық, мәслихаттарды сайлау 2023 жылғы 29 қазанда өткен болатын.

Айта кетейік, келесі жылдан бастап аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдері тек тікелей сайлау арқылы тағайындалады. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек