Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астанадағы арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне қатысты сот тергеуінің аяқталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"460-тан аса автокөлікті заңсыз есепке қоюмен айналысқан ҰҚТ мүшелеріне – елордалық Мамандандырылған ХҚКО қызметкерлеріне, полиция қызметкерлеріне және азаматтық тұлғаларға (12 адам 3,5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, 3 адам 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды) қатысты үкім шығарылды", - делінген хабарламада.
Мемлекетке келтірген жалпы шығын 1,2 миллиард теңге болған.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!