Атырауда "QazHome" тұтыну кооперативінің атын жамылып, қаржы пирамидасын ұйымдастырған қала тұрғындары бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұйымдастырушылар азаматтарға жылжымайтын мүлік береміз деген желеумен қаржы пирамидасына ақша салуды ұсыныпты.
"Соталды тергеп-тексеру барысында кооператив қызметіне 300-ге жуық салымшы қатысқаны, оның ішінде тек 35 адам өтініш беріп, бұл өтініштер бойынша келтірілген шығын көлемі 49 миллион теңгеден асатыны анықталды", - делінген хабарламада.
Сот үкімімен "QazHome" тұтыну кооперативінің басшылары кінәлі деп танылып, әрқайсы 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз