Жетісу облысында 40 млн теңгеден аса сомаға несие рәсімдеген алаяқ сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мән-жайы
Жетісу облысында азаматтардың сенімін пайдалану арқылы олардың атына несие мен микронесие рәсімдеп, жеке пайдасына жаратқан ер адамға қатысты сот аяқталды.
"Сотталған адам жәбірленушілердің жеке деректеріне және электрон цифрлық қолтаңбасына қол жеткізіп, оларды заңсыз несие рәсімдеуге және қаражатты иемденуге пайдаланған", - деп жазылған хабарламада.
Қылмыстық әрекет салдарынан 14 азамат зардап шегіп, келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 40 млн теңгеден асқан.
Сот үкімі
Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова