Жетісу облысында заңсыз call орталықтың қызметі тоқтатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жетісу облысы полиция қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен интернет алаяқтықпен айналысқандардың заңсыз әрекетін әшкереледі. Заңсыз схеманың ұйымдастырушысы Алматы қаласының 23 жастағы тұрғыны болып шыққан.
Ол қатысушылар арасында міндеттерді нақты бөліп, жасырын call орталық құрған.
"Алаяқтар әлеуметтік желілер мен Telegram мессенджері арқылы әрекет етіп, дроптар мен ақшаны қолма-қол айналдыру сервистерін пайдаланған. Қылмыстық әрекет салдарынан 57 азамат жәбірленіп, әрқайсы бір миллион теңгеден аса қаржысынан айырылған. Келтірілген жалпы шығын 36 миллион теңгеден асты", - деп жазылған хабарламада.
Қазір Қазақстан аумағында жүрген өзге де күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс материалдары сотқа жолданған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!