Шығын 1,5 миллиард теңгеден асқан: Алматыда қарт кісілерді алдағандар ұсталды

Алматыда зейнеткерлерді 1,5 миллиард теңгеге алдаған интернет алаяқтар әшкере болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Күдіктілер өзін құқық қорғау органдары мен қаржы институттарының қызметкерлері ретінде таныстырып, жәбірленушілерді жылжымайтын мүлікті сатуға және ақшаны бақыланатын шоттарға аударуға көндірген.

Келтірілген шығынның жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеден асқан.

"Тергеп-тексеру барысында қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар мен қатысушылар ұсталды. Олардың әрекеті ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі бойынша сараланып, сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Соталды тергеп-тексеру жалғасып жатыр", - деп жазылған хабарламада.  

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!