- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шығармашылық емтихан тапсыратын талапкерлер...
Шығармашылық емтихан тапсыратын талапкерлер білуі керек ақпарат
Ұлттық Бірыңғай Тестілеу аяқталып, шығармашылық емтихан да өз мәресіне жетті. Шығармашылық емтихандардың қандай бағытта және қандай талаптардың негізінде өткенін назарларыңызға ұсынамыз, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шығармашылық бағытқа журналистика, архитектура, дінтану және теология, актерлік шеберлік, музыка мен дизайн сынды мамандықтар жатады.
Болашақ журналистердің емтихандары эссе жазу мен ауызша тапсырмалардан тұрады. Әдетте талапкерлер 3 тақырыптың біреуіне 2 сағат ішінде 4 беттік ой-толғау жазады, ал 2-кезең ауызша өтеді. Емтихан қабылдаушылар талапкерлерге ақпарат саласында бірнеше сұрақ қойып, көзқарастарын анықтайды. Бұдан басқа, кейбір Жоғары оқу орындарының қызметкерлері жыл сайын ресми сайттарына дайындық сұрақтарын алдын ала жүктейді.
Telegram-арналардың бірінде актёр мамандығына тапсыру үшін қойылатын талаптар жазылған. Онда қыздардың бойы 165-тен жоғары болмаса, ал ұлдардың бойы 170-тен аспаса шығармашылық емтихан тапсырудың өзі бос әурешілік делінген. Бұл мамандық таңдаған талапкерлер арасында Т. Жүргенов пен ҚазҰӨУ университеттері өзекті.
Таңдауы сән әлеміне түскен талапкерлер үшін шығармашылық емтихан сурет салу мен кесіндемелерді бейнелеу арқылы өтеді. Әрбір кезеңге 6 сағаттан беріледі.
Telegram-арна мәліметінше, архитектура мамандығын таңдаған талапкерлер 3 сағаттың ішінде таңдаған билеттері бойынша бьюсттың суретін салу қажет болған.
"Сурет салғанда бьюстті телефонға түсіріп алып, суретті жақындатып салу оңай", - деп лайфхагын бөлісті талапкердің бірі.
Айта кетейік, салып болғаннан кейін суретіңізді суретке түсіріп салыстырсаңыз, қателеріңізді анық байқайсыз. 2-тапсырмада белгілі бір заттың 2 көрінісі беріледі (алды мен бүйір қабырғасы). Сол суреттерге қарап 3D формасын (аксонометриясын) және үшінші көрінісін, яғни үстіңгі қабырғасын сызу қажет. Бұл тапсырма үшін талапкерлерге 4 сағат беріледі.
Айжан Дайрабаева
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек