Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуінде нақты сол ауданның мәселесіне қатысы жоқ сұрақпен бірнеше мәрте келетіндерге қатаң жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкіммен кездесулерге бірнеше рет қатысқан әйел қала басшысына сұрақ қоймақ болған кезде Досаев оның сөзін бөліп, жиналғандарға бұл әрекетін түсіндірді.
"Кездесулерге келіп, әртүрлі нәрсе жасап, өз сұрақтарымен келгендердің жүйкесін жұқартатын, шектен шыққан адам өте көп... Маған таныс адамдар бір мәселемен келе береді. Қала әкімі ретінде өте шыдамдымын, бірақ әр кездесуде мені қажытудың қажеті жоқ. Қолымыздан келетін нәрсе болса жасаймыз", - деді қала басшысы.
Еске салайық, бұған дейін Алматы тұрғыны қала әкімі Досаевқа жағымсыз иіс туралы айтып шағымданды.
Жуырда Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдап, бірқатар тапсырма берді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова