“Шыдамдылық керек“. Бишімбаев ісіндегі прокурор әйелдердің органдардағы жұмысы жайлы айтты

“Шыдамдылық керек“. Бишімбаев ісіндегі прокурор әйелдердің органдардағы жұмысы жайлы айтты
Фото: Tengrinews.kz скриншоты

Экс-министр Қуандық Бишімбаев ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы болған Айжан Аймағанова оқырмандарынан жиі келетін сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айжан Аймағанова бұл салада жұмыс істеу қиын екенін, алайда ол әйелдердің қолынан келетінін айтты.

"Кеш жарық! Маған оқырмандардан көп қойылатын сұрақтың бірі – әйел адамдардың осы салада жұмыс істеуі қиынға соқпай ма? Иә, әрине, қиын, бірақ шешілетін жағдай. Прокурор болу – ол жай ғана қызмет ету емес, ол тәулік бойы байланыста болу, өміріңнің бөлшегін осы қызметке арнау, мінез (сабырлық, тыңдай білу, сезіну қабілеті), қандай да бір шешімге дайын болу. Егер оған ынтасы болса, өзін-өзі қайраса, әйел адам өмірінде көп нәрсені істей алады. Мен өз өміріме қарасам, жақсы көретін жұмысымнан жақсы көретін отбасыма жүгірумен өтеді екен. Әртүрлі жағдай болды: бірде жолың болады, бірде келеңсіз жағдайлар туып, сүрінесің де, ең бастысы – осының бәрін жеңіп шығу. Бәрі де орнына түседі, бәрі де ойдағыдай болады, ең бастысы – шыдамдылық керек, әйелдің қолынан бәрі келеді деп ойлаймын", – деп жазды прокурор.

Еске салайық, бұған дейін Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша көпшілікке танылған прокурор Айжан Аймағанованың шені жоғарылағанын хабарлаған едік.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова