Әнші Динара Қырықбаева Анна Данченкоға берген сұхбатында ажырасуының себебін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, өнер иесінің ажырасқанын 5 жыл болған.
"Бұрын "сынған ыдыстың" бәрін үйде қалдыру керек деп ойлайтынмын. Оны да айтпаса болмайды. Ажырасқаныма 5 жыл болды. Үш балам бар, шүкір, бәрі жақсы. Басымнан не өткені жайлы сұрақ мен үшін қиын сұрақ. Бұл сұраққа ашық жауап бере алмаймын. Қыз-келіншектер менен ақыл-кеңес сұрайды. Алайда ешкімге ақылшы болғым келмейді. Жеке өмірім әлі быт-шыт болып жатыр. Ажырасқанымды әлеуметтік желіде тек бір рет айтқанмын", - деді ол.
Динара Қырықбаеваның анасы әншінің ажырасуына қызғаныш себеп болғанын айтты.
"Негізі тәрбиемнен көрген "қайтып келме" дегенді Динараға да айтып отырдым. Бірақ шыдамайтындай жағдайлар болды. Динараның ажырасуына қызғаныш себеп болды. Әйтпесе, ақылды, керемет жігіт еді. Ата-анасы да оқыған адамдар еді. Бірақ шыдай алмады. Қазіргі таңда ол жақтан не көмек, не іздеу жоқ. Соған қарағанда ажырасқаны дұрыс болды деп айтамын. Сап-сау, әдемі үш немересін іздемеген кісілерге не айтасың? Динараның ауырып қалмағанына, осы жағдайды ауыр қабылдамағанына қуанамын. Динараның енесі маған "Динара өте ашық, бәрімен араласады, олай дұрыс емес" деп ренжитін. Бір жағынан дұрыс болды деп ойлаймын", - деді Динараның анасы.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз