- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Шыда, үндеме". Петропавлда...
"Шыда, үндеме". Петропавлда ер адам мүгедек қарындасын соққыға жығып жүрген
Петропавл қаласының 37 жастағы тұрғынын ағасы соққыға жығып жүрген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, әйел 3-топтағы мүгедек болғандықтан, жұмысқа орналаса алмаған. Анасына мойынсұнып, "ағам мені асырап жатыр, төзуім керек" деп ойлаған. Мұның бәрін тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адам полиция қызметкерлеріне қарашаның соңында айтыпты.
Петропавл қалалық ПБ ЖПҚ бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерлері әйелге орталыққа орналасуға көмектесті. Онда ол алты ай өмір сүре алады, психологтар мен заңгерлердің білікті көмегін алады. Мамандық игеріп, жұмысқа орналасуға да мүмкіндік алады.
"Жәбірленушінің ағасына қорғаныс ұйғарымы шығарылды. Алдағы уақытта сот-медициналық сараптаманың қорытындысы негізінде іс жүргізу шешімі қабылданады", - деді Петропавл қалалық ПБ бастығы Марат Жұмалиев.
Жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-қимыл деректері бойынша Петропавл полицейлері 1141 деректі тіркеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова