- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шыбындарға тәжірибе жасалды:...
Шыбындарға тәжірибе жасалды: 100 жылға дейін өмір сүруге көмектесетін жаңғақ аталды
Адамдар мәңгі өмір сүрудің құпиясын әлі күнге дейін таппай келеді. Дегенмен ұзақ ғұмыр кешудің мүмкіндігін арттыратын түрлі әдістерді біледі. Ғасырлық өмірдің құпиясын негізінен салауатты өмір салтымен байланыстырады. Яғни, дұрыс тамақтану, күйзеліске қарсы тұру, дәрігерге уақтылы бару және сапалы ұйқы ұзақ өмір сүрудің кепілі. Сонымен қатар, өмірді ұзартатын белгілі бір өнімдер бар. Эндокринолог Зухра Павлова өзінің Telegram арнасында "Мускат" жаңғағын сондай өнімдердің бірі деп атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.
Ғалымдар бұл туралы Дрозофила жеміс шыбындарына жүргізген зерттеуде біле алды. Олар шыбындарды топтарға бөліп, олардың тамағына некандрин (NecB) қосты. Бұл фенолдық қосылыс мускат жаңғағында кездеседі.
Нәтижесінде ол шыбындардың өмірін ұзарта алатыны белгілі болды: орта есеппен аналық жеміс шыбындары 76 күн, аталықтары 74 күн өмір сүрді. Бұл жәндіктер әдетте сәйкесінше 61 және 65 күн өмір сүретін еді.
Сондай-ақ нектандрин В басқа да пайдалы қасиеттерге ие болып шықты. Бұл қосылыс қартайған тышқандардың тірек-қимыл аппаратының жұмысын жақсартуға, жасқа байланысты көру қабілетінің бұзылуы мен нейродегенерация процесін бәсеңдетуге көмектесетіні белгілі болды.
Зухра Павлова мускат жаңғағы артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін де өте қолайлы екенін атап өтті. Өйткені, дәмдеуіш метаболизмді тездетеді, аштық сезімін басады және асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартуға көмектеседі. Мускат жаңғағы тауық етімен және салаттармен жақсы үйлесім табады. Дәл осындай дәмдеуіштерді сусындарға қосуға болады.
Ең бастысы - оны мөлшерден тыс тұтынбау. Үлкен дозада мускат жаңғағы өлтіруі мүмкін нағыз улы жаңғақ болады. Сондықтан тағамға бір шымшым дәмдеуіш қосыңыз. Қызмет көрсетер алдында дәмдеуішті тікелей табаққа себуге болады. Мускат жаңғағын күнде жеуге болмайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Зинешов