- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Швейцариялықтар вагон мен...
Швейцариялықтар вагон мен ұшақты біріктіреді (видео)
Швейцарияның Лозанна қаласындағы Федералды политехникалық мектептің зерттеушілері темір жол вагоны мен ұшақты біріктіруді ұсынды. Концепт Clip-Air деп аталған. Зерттеушілердің бағалауынша, егер бұл жоба жүзеге асса, ұшу кезінде жолаушылардың ауысып отыруы азаяр еді, такси мен пойыздың да көмегіне жүгінушілер азаяр еді.
Ғалымдардың айтуынша, жоба тиісті қаржыландыруға ие болса, шамамен 50 жылда жүзеге асуы мүмкін. Швейцариялықтар алдағы 5-6 жылда жеке бизнес джетке сәйкес көлемде вагон мен тасымалдаушы ұшақтың прототипін жасап шығаратын Clip-Air бірлестігін құрып үлгерді. Вагон прототипі 150 жолаушыға дейін тасымалдай алады.
Clip-Air болашақта вагондар мен автобустардың ұшақ корпусы түрінде жасалатынын болжап отыр. Мұндай вагонның әрқайсысы 450 жолаушы немесе 30 тоннаға дейін жүк тасымалдай алады және оларда бекіту жүйесі болады. Әуежайға келген соң олар арнайы тасымалдаушы-ұшаққа тіркеледі.
Болашақта капсулалар әуежай терминалының бір бөлігі болуы мүмкін. Ұшақ келмей тұрып, капсулаға жүктерді тиеп, жолаушыларды жайғастырады. Ұшақ әуежайға келгенде, арнайы кран жолаушы толы капсуланы ұшақтан алып, орнына жаңа капсуланы қояды. Осыдан кейін ұшақ жерге қонбастан, қайта ұшып кете алады. Осылайша, уақытты үнемдеп, ұшақтың жердегі уақытын айтарлықтай қысқартуға болады.
Дереккөз: inform.kz
Е. Жұмабайұлы