Соңғы жылдары жүргізушісіз қозғалатын қоғамдық көлік мәселесі маңыздылық танытып келеді. «Ақылды» көліктерді құрастырушылар люкс класындағы автомобильдерді автопилот тәртібіне ауыстырып үлгерді. Бұған Алматы көшелерінде жүрген Tesla Motors электромобильдерімен көз жеткізуге болады.
Швейцариялық CarPostal компаниясы Сьон қаласының әкімшілігімен біріге отырып, қоғамдық транспортты жаңарту мақсатында жаңа жобаны қолға алды. Жобаның мақсаты – өзін-өзі басқаратын автобустарды тәжірибеден өткізу.
Келесі жылдың көктем мезгілінен электр энергиясымен жүретін автобустар туристерді тасымалдау қызметіне қосылмақ. Қоғамдық транспорт қашықтықтан арнайы құрылған команданың бақылауында болады. Оқыс жағдай орын алатын болса, мамандар басқаруды лезде өз қолына алады.