Былтыр танымал айтыскер ақын Жүрсін Ерман жансақтау бөліміне түскен еді. Мамандардың сөзінше, ақынның ауруы асқынып, сепсиске айналған екен. Кейін өнер иесі Швейцарияға емделуге кетті. Кеше ақын Женевадағы аурухана палатасынан видео жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл видеоны өнер иесі Instagram-парақшасында бөлісті. Онда ол айтыскер ақын Иран-Ғайып Күзембаевпен видео арқылы сөйлесіп, ақынның айтысын тыңдап отыр.
"Мынауың виноград қой. Найман, қыпшақ бәрін қосып жібергенсің ғой", - дейді Жүрсін Ерман видеода.
Айтыскер ақындар Мұхамеджан Тазабек, Еркебұлан Қайназар пікір қалдырып, айтыскердің тез сауығып кетуін тіледі.
"Алла шипасын берсін, аға! Сағына күтіп жатырмыз. Елге құлантаза айығып оралыңыз!" "Ассалаумағалейкум, аға! Алла сәтін салып, шипа берсін! Саулығыңызды тілейміз! Тілекшіміз!" - деп жазған олар.
Еске салайық, бұған дейін танымал ақын Жүрсін Ерман жансақтау бөліміне түскені хабарланған болатын. Ал кейін дәрігерлер Жүрсін Ерманның денсаулығына қатысты пікір білдірген еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!