- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Швецияның Жоғарғы соты...
Швецияның Жоғарғы соты Стати ісі бойынша Қазақстанның шағымын қанағаттандырмады
Швецияның Жоғарғы соты Стати ісі бойынша Қазақстанның шағымын қанағаттандырмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"2023 жылы 14 маусымда Швецияның Жоғарғы Соты Ұлттық банкке шағымдану құқығынан бас тартты.
Қазақстан шешімнің күшін жоюға арналған жұмыстарды жалғастырады", - делінген Әділет министрлігінің хабарламасында.
Еске салайық, 2013 жылғы желтоқсанда Халықаралық сауда палатасының Стокгольм арбитражы Қазақстан Республикасына қарсы шешім шығарды. Қазақстан Республикасы бұл шешімге екі рет шағымдануға тырысты, бірақ нәтиже болмады.
Стати, шешімді мәжбүрлеп орындау жөніндегі науқан шеңберінде 2017 жылы Ұлттық қордың қаражатына тыйым салынды, оның мүдделерін Ұлттық банк білдіреді.
Айта кетейік, Ұлттық Банк Брюссель соты арқылы Швецияда аталған қаражатты өндіріп алуға шектеу қойды, ол бойынша осы жылдың шілдесінде шешім шығады.
2023 жылғы 16 қаңтарда Швецияның апелляциялық соты Ұлттық банкке апелляциялық өтінішхат берілген Ұлттық қордың қаражатына қатысты мәжбүрлі атқарушылық шаралардың күшін жоюдан бас тартты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан