- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Швецияда адам етінің...
Швецияда адам етінің дәміне ұқсас веган бургері жасалды
Фото:
pixabay
Швецияда Oomph фирмасы адам етінің дәміне ұқсас веган бургерін жасады. Бұл жаңалық пен өнім жарнамасы "Канн арыстандары" халықаралық фестивалінде марапатқа ие болды, - деп хабарлайды The Mirror.
Бургер веган өнімдерінен, яғни соя, саңырауқұлақ, бидай ақуызы, өсімдік майы мен "құпия қоспадан" тұрады. Бірақ котлеті адам етінің дәміне ұқсайды екен.
Ж. Қадыржанова"Oumph осы гамбургерді арнайы жасау арқылы кез келген етке балама саналатын өсімдік негізіндегі өнімдерді шығаруға болатынын дәлелдегісі келді", - деді компания өкілі.