- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Швецияда адам етінен...
Швецияда адам етінен гамбургер жасала бастағаны рас па?
Әлеуметтік желілерде Швецияда адам етінен жасалған гамбургерлер сатыла бастағаны туралы жазба тарады. Жазбада мұндай бургерлер арқылы қоғамда каннибализм қалыпқа келтірілу айтылған. Бірақ бұл - жалған ақпарат, - деп хабарлайды Stopfake.kz.
Хабарламада OUMPH! компаниясының гамбургерлері туралы айтылған. Бұл - өсімдік өнімдерінен қолдан жасалған ет шығаратын швед өндірушісі.
Компания 2021 жылғы қазанда Хэллоуин мерекесіне орай "адам" етінен жасалған тағам ұсынған. Бұл ретте "адам етінің" соядан, саңырауқұлақтардан, бидай ақуызынан, өсімдік майлары мен дәмдеуіштер қоспасынан жасалғаны хабарланды. Яғни, котлетте адам еті де, басқа ет те болмаған.
"Адам етінен" жасалған гамбургер ұдайы шығарылмайды. Бұл - 2021 жылы Хэллоуин мерекесіне орай әзірленген тағам.
Демек, Швецияда адам етінен жасалған гамбургерлер сатылатыны туралы хабарлама - жалған. Шын мәнінде, онда қолдан жасалған ет туралы айтылған, оны Хэллоуин мерекесіне орай "адам еті" деп атаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек