- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Шумахер апа". Заманауи...
"Шумахер апа". Заманауи көлік жүргізген зейнеткер халықты тәнті етті
Әлеуметтік желіде орамал тағып, камзол киген зейнеткер әженің көлік басқаруы көпшілікті таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Зейнет жасындағы әженің BMW тізгіндеп, емін-еркін көлік жүргізіп келе жатқанына адамдар түрлі реакция білдірді. Адамдар әже образының қоғамдағы стереотиптік бейнесі мен қазіргі заманғы көлік айдаған қарама-қайшылығын күтпеген сияқты.
Мұндай оқиға жастың жай ғана сан екенін және адам кез келген жаста белсенді және заманауи болып қала алатынын көрсетеді.
Желіде тараған видеоға қатысты "Мұнда таңқаларлық не бар? Жай ғана орамал таққан апа, ол небәрі 60-та! Менің жасым 67-де, мен мұны кептелісте тұрып жазып отырмын", "Мынаны мемлекет көрмесін, әйтпесе зейнетақыны көтермеңдер деп жүрер", "Осындай жағдай күнделікті нормаға айналу үшін қанша жыл кетеді екен?" деген түрлі пікір жазылып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева