- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шұлық киіп ұйықтаудың...
Шұлық киіп ұйықтаудың қандай пайдасы бар?
Ұйықтар алдында шұлық кию тез ұйықтауға ықпал етуі мүмкін. Бұл туралы сомнолог Мар де Карло айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Huffington Post-қа сілтеме жасап.
Де Карлоның айтуынша, бұл әсерді қан айналымына байланыстыруға болады.
Дене температурасы күні бойы біртіндеп көтеріліп, адам сергек жүретін түстен кейінгі уақытқа дейін жетеді. Содан кейін дене температурасы түні бойы төмендейді, осылайша, адамның ұйқысы келеді екен.
"Тері температурасының өзгеруі ұйқыға және ұйқының жалғасуына әсер етеді. Ұйықтарда шұлық кию қан айналымын және аяққа қан баруын жақсартады, бұл жалпы дене температурасын төмендетуге көмектеседі және миға ұйқы туралы сигнал жібереді", - деп түсіндірді маман.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова