Банктік кепілдікпен кез келген кәсіпкер тендерге батыл түрде бара алады. Әсіресе қазір АТФБанкте оны алу жылдам және мүлдем тегін болып тұрған кезде қимылдаңыз. Жылдамдық және үнемдік туралы сәл соңында айтамыз, алдымен стратегиясын талдайық.
Стратегия – бірде-бір мүмкіндікті жіберіп алмау
Өз компаниясының айналымын ұлғайтқысы келген кез келген кәсіпкер ауқымды ұзақ мерзімді келісімшарттарға қол жеткізгісі келеді. Ал олардың алдында бір ғана жол бар, ол – тендер. Олар жыл өткен сайын артып келеді. Тіпті қалыпты жағдайға айналды, өйткені кәсібі бар әрбір іскер адам өз ісінің ең үздігі болғысы келеді. Қазіргі заманда офистің еденін де конкурста өзінің осы саладағы ең мықты маман екенін дәлелдей алған клинингтік компания ғана жуа алады.
Бұл жердегі дұрыс стратегия – клиенттердің тапсырысын ұтып алуға мүмкіндіктерді барынша арттыру үшін бірнеше тендерге қатысу. Сіз үшін тек әр қатысқан сайын келісімшарт сомасынан 1-3% мөлшерінде жарна салу қажет болуы мүмкін. Егер сіз шағын ғана айналымы бар және ақша қамтамасыз ету ретінде «пайдасыз жүк» болып жатпай, пайда түсіруге жұмыс істегенін қалайтын жеке кәсіпкер болсаңыз, онда бұл сізге арналған стратегия.
Банктік кепілдіктер тегін және бірнеше сағат ішінде
Бақытыңызға орай, сізде таңдау бар: өз қаржыңызды бәске тігіп, олардан айырылып қалу тәуекелі немесе банктік кепілдіктерді пайдалану. Тендерлік комиссия үшін айырмашылық жоқ. Тағы бір жақсы жаңалық: Қазақстандағы төтенше жағдай шарттарында АТФБанк өзінің бизнес-клиенттеріне 2020 жылғы шілдеге дейін «0% бастап» акциясы бойынша өтелген кепілдіктерді тегін, ал бланктік кепілдіктерді 1,2% мөлшерлемесі бойынша ұсынады.
Сонымен қатар, АТФБанк қазіргі жағдайда тағы бір ресурс – уақыт тапшылығын да ескерген. Карантиннен кейін экономика бар артта қалғанды алға сүйреу үшін тартылған пружина сияқты атылуы мүмкін. Ол дегеніміз, тендерлер жылдамдатылған қарқынмен жүргізіледі, қатысушыларды дедлайндар қыспаққа алады. Сондықтан да, АТФБанкте аз ғана құжатпен, 2 сағат ішінде 50 млн. теңгеге дейін сомада кепілдік алу мүмкіндігі қрастырылып отыр.
АТФБанк кепілдігінің тағы бірнеше артықшылығы
Біріншіден, кепілдікке өтінімді онлайн режимде беруге болады, ол да уақытыңызды үнемдейді. Екіншіден, АТФБанк өз клиенттеріне жаңартылатын лимит ашады, оның аясында кәсіпкер бірден бірнеше банктік кепілдік ала алады. Егер клиент «Банктік кепілдік шығару үшін жаңартылатын кредиттік желі» өнімін пайдаланған болса кепілдіктер автоматты түрде берілуі мүмкін: бұл жерде сіз кредиттік желі ашу үшін құжаттар топтамасын бір рет өткізсеңіз жеткілікті, кейінгі кепілдік шығару бір өтініш және конкурстық құжаттама/келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын болады.
Тендер болатын уақыт таяды ма, банктік кепілдік керек пе? Кез келген уақытта АТФБанктің сайтынан қосымша ақпарат алсаңыз болады және онлайн-өтінім қалдыра аласыз.
Кепілдіктер бойынша тағы сұрақтар бар ма? Онда 2424 нөміріне қоңырау шалыңыз, АТФБанк мамандары сізге әрқашан кеңес беруге дайын!