Әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жан Қазақстандағы туған ата-анасын іздейтіні туралы ақпарат тараған еді. Оған дүниеге келгенде Жәнібек деген есім де берілген екен. Жәнібек біраз уақыт туған елінде болып анасын іздеді, алайда визасының мерзімі аяқталуына байланысты Қазақстаннан кетті. Танымал тележүргізуші Қымбат Досжан - баланың Қазақстандағы заңды өкілі. Ол аналарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Қымбат Досжан әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Қайырлы күн, 2001, 2002, 2003 жылдары Арқалық қалалық перзентханасында босанып, бірақ қандай да бір себептермен сәбиі шетінеген немесе өлі туған баласының денесін көрмеген әрі өздері жерлемеген аналардың өзі я болмаса туыстары бізге шұғыл хабарласуларыңызды өтінеміз", - деді Қымбат Досжан видеода.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!