Шудың екі тұрғынынан 500 келіден аса есірткі тәркіленді

Шудың екі тұрғынынан 500 келіден аса есірткі тәркіленді
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысы Шу ауданының құмды аймағында қарасора жинаумен айналысқан екі ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Күдіктілерден 500 келіге жуық кептірілген каннабис бұталары мен 9 келі кептірілген марихуана тәркіленді.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Қарасора" операциясының төрт айында ішкі істер органдары 1315 есірткі қылмысын анықтады. Заңсыз айналымнан 17 тоннадан астам есірткі тәркіленді. Қызылорда, Алматы, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарында Ұлттық ұланның тікұшақтарымен барлау жүргізілді. Онда 25 есірткі егісі анықталды. Жалпы салмағы 2,5 тонна болатын 15 мыңнан астам қарасора бұталары жойылды. 11 күдікті ұсталып, қамауға алынды.

"Полиция азаматтарды күдікті әрекеттер туралы хабарлауға шақырады", – деді Қуандық Әлжанов.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина