Шу полицейлері рұқсат етілмеген орындарға қоқыс лақтырғандарды чек, құжат және бейнебақылау камералары арқылы тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Аудандық әкімдіктер жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, күн сайын рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол бермеу, тәртіп бұзғандарды жауапкершілікке тарту бойынша жұмыстар жүргізеді. Шуда қоқыс лақтырған тәртіпбұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олар банк чектері, балаларына тиесілі дәптерлер және басқа да сәйкестендіру құжаттары арқылы анықталған. Заңбұзушылар бейнебақылау камералары көмегімен де анықталған.
Олар өз кінәсін мойындап, құқық бұзушылық салдарын жойған. Барлығына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған. Осыған сәйкес 5 АЕК - 15 315 теңге мөлшерінде айыппұл көзделген. Бір жыл ішінде қайталап бұзса, 10 АЕК немесе 30 630 теңге айыппұл салынады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!