Жамбыл облысында ата-анасының қарауынсыз қалған екі бала суға батып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 2023 жылғы 9 шілдеде сағат 18:00 шамасында Шу қаласында жергілікті тұрғын кәріз тазарту қондырғысынан 2013 жылы туған екі баланың денесін алып шықты.
Ересектердің қарауынсыз қалған балалар ойнап жүріп, суға батып кеткені анықталды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!