- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шу тұрғыны қаптың...
Шу тұрғыны қаптың ішіне не салынғанын білмей, өзі күтпеген зат тасыған
Шу тұрғыны қаптың ішінде не бар екенін білмей, аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шу ауданының жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері аса ірі мөлшерде есірткі сақтау дерегін анықтады. Полиция қызметкерлері Nissan Maxima көлігін тоқтатқан. Көліктің жүксалғышында жалпы салмағы 8 келі 750 грамм кептірілген марихуана салынған қап табылды.
"Тыйым салынған зат бұрын осындай қылмысы үшін сотталған 28 жастағы жолаушыға тиесілі болып шықты. Ұсталған адам кінәсін мойындады. Оған сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады", - делінген хабарламада.
Күдіктінің айтуынша, досынан өзін көлікпен алып кетуін сұрап, ауыр сөмкесі бар екенін айтқан. Достары келгенде, ер адам оларға сөмкенің ішінде не барын айтпастан, жүксалғышқа заттарды салған. Ал жүргізуші аса ірі мөлшерде есірткі тасып жатқанын білмеген. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова