Есірткі заттарының ірі партиясын сақтаған машинист ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Шу станциясының локомотив депосының машинисін ұстады. Ол үйінде қаптар мен қораптарға бөліп, оралған есірткі заттарын сақтаған.
Тінту кезінде жалпы салмағы 12 кг 428 гр болатын марихуана есірткі заты тәркіленді.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері көлік полицейлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысты 344 құқықбұзушылықты анықтаған, оның ішінде 32 өткізу фактісі, 20 аса ірі мөлшерде сақтау фактісі, 9 контрабанда фактісі және т.б. Заңсыз айналымнан 205 келіден астам түрлі есірткі құралдары тәркіленді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!