Ішкі істер министрлігі есірткінің заңсыз айналымына қарсы "Қарасора - 2026" республикалық жедел профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маусымнан бастап қарасора өсетін өңірлерде қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр. Операцияға полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері қатысқан.
Сонымен қатар, тікұшақтар, дрондар және Жерді ғарыштан бақылау технологиясы қолданылған.
"Шу өңірі ерекше назарда. Мұнда дрон көмегімен жабайы қарасораның ондаған ошағы анықталып, жойылды. Сондай-ақ, қызметтік иттер мен кинологтар тәулік бойы қызмет атқарады. Олар жолдарда, теміржол нысандарында және есірткі тасымалдануы мүмкін бағыттарда тексеріс жүргізеді. Операция барысында қызметтік иттердің көмегімен 90 есірткі қылмысының жолы кесіліп, 550 келіге жуық түрлі есірткінің заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!