Ғалымдар таңертең кофенің орнына ішуге болатын үш сусынды атады. Олар іштегі артық майдан арылуға көмектеседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Аif.ru"-ге сілтеме жасап.
Зерттеушілер ұсынған бірінші нұсқа - зире қосылған су. Суға зире салып, оны қайнату арқылы алынған сусын ағзаны антиоксиданттармен байытып, иммундық жүйеге пайдалы әсер ететіні анықталды. Ол сондай-ақ метаболизмді тездетеді және артық салмақтан арылуға көмектеседі.
Сонымен қатар, ғалымдар таңертеңгі кофені көк шаймен алмастыруды ұсынды. Ұлттық денсаулық сақтау институттарының зерттеулері бойынша күн сайын төрт кесе көк шай ішу дене салмағын түсіреді, іштегі майды кетіруге көмектеседі және метаболизмді тездетеді.
Зерттеушілер таңертең ішуге кеңес беретін тағы бір сусын – лимон шырыны мен бал қосылған жылы су. С дәрумені мен антиоксиданттарға бай бұл сусын дұрыс ас қорытуға, тұрақты түрде үлкен дәретке баруға және салмақ жоғалтуға ықпал етеді.
Оқи отырыңыз: Таңертең істеуге болмайтын 4 нәрсе
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз