- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шри-Ланканың төрт азаматы...
Шри-Ланканың төрт азаматы Қазақстаннан шығарылды
Шри-Ланканың төрт азаматы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін елден шығарылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов мәлімдеді. Оның айтуынша, Орал станциясындағы көлік полицейлері Шри-Ланка Республикасының төрт азаматына қатысты Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасын бұзу дерегін тіркеген.
Олар визада көрсетілген мерзімде ҚР аумағынан шығудан жалтарған.
"Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік материалдар толтырылды. Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен шетелдік азаматтарға 5 жыл мерзімге ҚР аумағына кіруге тыйым салу белгіленіп, Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарып жіберу түрінде жауапқа тартылды", - деді Мадияр Айтуғанов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан